Каталог

Барлығын көру ›

Жануарларға арналған экспресс-тесттер

QBQVET — жануарларға арналған экспресс-тесттер линейкасы (ИХА-тесттер). Оларды бүкіл әлемде ветеринарлар жылдам диагностика үшін қолданады.

Қазақстандағы ресми өкілдік арқылы клиникалар мен фермаларға жеткіземіз. Бағалар — сұрау бойынша.

Ветеринарлық экспресс-тесттер не үшін керек?

Көптеген аурулардың белгілері ұқсас болады, сондықтан емдеу тактикасын дұрыс таңдау үшін алғашқы дифференциалды диагностика маңызды.

Артықшылықтары

Басқа диагностикалау әдістерімен салыстырғанда экспресс-тесттердің артықшылықтары:

  1. Қолдану қарапайымдылығы. Арнайы дағдылар мен жабдық қажет емес — нұсқау бойынша кез келген маман немесе ферма қызметкері жасай алады.
  2. Жылдамдық. Нәтиже шамамен 10 минутта. Көбінесе жануардың өмірін сақтау үшін диагноз барынша тез қойылуы керек.
  3. Қолжетімділік. Қымбат зертханалық жабдықтың қажеті жоқ — жиынтықта зерттеуге қажеттінің бәрі бар.
  4. Үй/ферма жағдайында қолдану. Зертханаға сапарсыз алғашқы скрининг жасауға болады.

Нәтижелердің дәлдігі

Диагностикалау дәлдігі сезімталдық пен специфичностьпен анықталады. QBQVET жиынтықтарында бақылау және тест жолақтары бар — нәтижені дұрыс оқуға көмектеседі.

Сақтау мерзімі — 2 жылға дейін. Қажетті фасовка мен жеткізуді менеджер өтінімнен кейін нақтылайды.

Байланыс